Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
WhatsApp арқылы құмар ойынға тартқан екі адам сотталды. Шымкентте миллиардтарды айналдырған астыртын онлайн-казино жабылды. Олар ақшаны қалай жасырған. Қанша адам казиноға бәс тігіп үлгерген?
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Бұл қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі тергеген. Тергеу мәліметінше, күдіктілер ықтималды ойыншыларды WhatsApp арқылы тауып, оларға құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныс жіберген. Қызығушылық танытқандарға арнайы аккаунт ашып, логин мен пароль берген. Ал ақша аударуға арнайы шот деректемелері жолданған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған. Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құрады. Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Сот екі ұйымдастырушыны да кінәлі деп танып, әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған мүлік тәркіленді. Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.