Алматыда сусабын ұрлағандарға 346 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыдағы дүкеннің бірінде әйел полицейлерге қарсы шықты. Сондағы ойы ұрлықшы досын арашаламақ болған. Дүкенге кірген жастар әуелі ішімдік сатылатын бөлімге көз сүзген. Бұл тауарды ұрлау тым қауіпті деп тапса керек, тұрмыстық заттарға бұрылған. Қас-қағым сәтте сусабынды сырт киімінің ішіне тыға салады. Қылмысын жасырмақ сұғанақ кассадан мармелад сатып алуды ұйғарған. Қулықты бірден түсіне қойған дүкен сатушылары бірден полиция шақыртады. Ал әйел адам серіктесін арашалаймын деп, айғай-шу шығарып, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті. Екеуі қазір полиция бөлімшесінде отыр. Заңға сәйкес, ұсақ-түйек ұрлық үшін 80 Айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 346 000 теңгеге жуық айыппұл қарастырылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал