Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бала туғаны үшін берілетін біржолғы төлем мен бала күтіміне арналған жәрдемақыдан қағылуыңыз мүмкін. Келесі жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді. Тиісті қаулығы Үкімет басшысы қол қойды. Енді жәрдемақы алушылардың тұрмыс жағдайы да ескеріледі. Мәселен, несиелер бойынша қарызы, жылжымайтын мүлкі мен табысы тексеріледі. Жаңа тәртіп жәрдемақының он түріне қатысты. Егер А немесе В санатына кірсе, яғни отбасының күнкөрісі жақсы болса, төлем бірден тоқтатылуы мүмкін. Бірақ әзірге азаматтардың жағдайын бағалау әдістемесі түпкілікті бекітілген жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.