Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Теміртауда ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел өз пәтерінен өлі күйінде табылған. Тәртіп сақшылары пәтердің есігін бұзып кірген, ал пәтердің іші қанға боялып жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдарға бірнеше рет пышақ сұғылған. Бұл жағдайға олардың 20 жастағы ұлы күдікті деп танылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың мән-жайы мен оған не себеп болғаны анықталып жатыр. Көршілердің сөзінше, марқұмдар ұлының үйде жиі болмайтынына алаңдаған.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған факт бойынша «Адам өлтіру» дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушілердің 20 жастағы ұлы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.