Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жамбыл облысынан көршілес Қырғызстанға бензин мен дизель отыны заңсыз тасымалданып жатыр. Жүргізушілер жанармай бактарының көлемін өз бетінше бірнеше есе ұлғайтып, көліктеріне қосымша резервуар орната бастаған. Жыл басынан бері полицейлер осындай заң бұзушылыққа барған 430-ға жуық жүргізушіні анықтады. Көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін оларға жалпы сомасы 14 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Жанар-жағармайдың заңсыз тасымалдануын тоқтату мақсатында өңірдегі Қордай, Меркі және Жамбыл ауданындағы шекара бекеттерінде тұрақты рейд жүргізіледі.
Полицейлердің айтуынша, қырғызстандық жүргізушілер барынша көп жанармай алып өту үшін түрлі айла-тәсілге барады. Өйткені олар Қазақстанда көліктеріне жанармайды 100 теңгеге құйып, өз елінде үстеме бағамен сатады.
НҰРБОЛ ҚУАТБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Жанар-жағармай материалдарын тасымалдаған көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Ал қосымша жанармай сыйлықтары алынып тасталды. Жыл басынан бері көлік құралдарына заңсыз өзгерістер енгізгені үшін 429 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір Қырғызстанмен шекаралас алты пост бар. Қордай, Жамбыл және Мерке аудандарындағы пост мамыр айынан бері күшейтілген режимде жұмыс атқарып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.