Елордада заңсыз көші-қонға қарсы рейд жүріп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанаға жыл басынан бері 450 мыңнан астам шетелдік келген. Ресми тіркелгені 64 мыңы ғана. Қалғандары қайда жүр?
Алыс-жақыннан Астанаға ағылған шетелдіктер көбейген. Қазіргі кезде шетелден келу тәртібі жеңілдетілген. Мәселен, 89 мемлекеттен Қазақстанға визасыз келе алады. Ресей, Белорусь, Армения, Қырғызстан азаматтары 90 күнге дейін уақытша тұру рұқсатынсыз жүре алады. «Заңсыз келуші 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Көші-қон қызметі биыл 300 ден аса шетелдікті кері қайтарған. Қазір құрылыс, дәмхана, базар, тағам дайындайтын, жатақхана, қонақүйлер тексеріледі. «Жұмысқа тұрса, жұмыс беруші жергілікті атқарушы орган арқылы рұқсатнама рәсімдеуі тиіс», — дейді мамандар.

АИДА СМАҒҰЛ, КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық шарасын өткізу мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстанда болу тәртібін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын қамтамасыз ету. Шара шеңберінде 322 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылған. Жалпы, жыл басынан бастап Астана қаласында 11 мың Көші-қон заңын бұзу фактісі тіркелген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал