Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбе облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Жалпы 435 мың гектарға дәнді дақылдар егілсе, қазір соның небәрі 2 пайызында ғана жұмыс қалған. Биыл шаруалар гектарынан орта есеппен 14,2 центнерден бидай алып отыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,2 центнерге жоғары. Мамандар мұны көктемгі дала жұмыстары кезінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың және қолайлы ауа райының нәтижесі дейді. Шаруаларға қолдау көрсетуге жергілікті бюджеттен 2,1 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар жалпы сомасы 8 миллиард теңге болатын жеңілдетілген несие 5 пайыздық мөлшерлемемен берілген. Биыл өңірде жауын-шашын да жеткілікті болып, жаңбыр егін жинау науқанына айтарлықтай кедергі келтірмеген.
НҰРБЕК РАЙЫМБАЕВ, ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Жедел мәліметтерге сәйкес, 427 мың гектар алқабы жиналды немесе жоспардан 98 пайызға орындалды. Орташа өнімділігі 14,12 центнерден 607 мың тонна өнім алынды. Картоптан 3,2 мың гектар алқап жиналды. Орташа Өнімділігі 188 центнерден 60 мың тонна өнім алынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.