Халық Кеңесі билік пен бұқара арасындағы көпір бола ала ма?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жаңадан құрылған Халық Кеңесі өз жұмысына белсенді кірісті. Осы аптада кеңес мүшелері құрылымдық мәселелерді талқылап, тұрақты комитеттер мен комиссияларды жасақтады. Президент жүктеген негізгі міндет өңірлермен тығыз байланыс орнату. Өйткені ұйым мүшелерінің басым бөлігі аймақтарда тұрады және жергілікті халықтың арыз-шағымы мен мұң-мұқтажын тікелей жеткізуге мүмкіндігі бар. Кеңес құрамының үштен бірі мәслихаттар мен қоғамдық кеңес өкілдерінен, үштен бірі ұлттық мәдени орталықтардан, қалған бөлігі үкіметтік емес ұйымдардан құралған.
Жиында Кеңес төрағасы Ерлан Жаһанұлы бұл органның тек шағым жинайтын орын емес, мәселені сарапшылармен бірге зерттеп, нақты шешу жолдарын ұсынатын үлкен қоғамдық күш екенін қадап айтты.
Бұған қоса, қоғамда «Ұлттық Құрылтай барда, Халық Кеңесінің не керегі бар?» деген заңды сұрақ та туындаған еді. Спикерлердің айтуынша, бұл конституциялық нормалармен бекітілген, заң шығару процесіне тікелей араласатын және мемлекеттік органдарға ресми сұраныстар жолдай алатын пәрменді консультативтік-кеңесші орган. Ол билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге айналмақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал