Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы мен Іле өзеніне 700 мың дана тұқытұқымдас балық шабағы жіберілді. Акцияның негізгі бағытының бірі – су экожүйелерін сақтау және балық ресурстарын молайту. Былтыр өңірдегі су айдындарына 3 млн-ға жуық шабақ жіберілсе, биыл 4 млн дана шабақ жіберу жоспарланып отыр.
«Өзенді балыққа толтыру» акциясы аяқталған соң «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері Көшпенділер қалашығының маңайы мен Іле өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Алматы облысында биыл 33 жалпыөңірлік сенбілік ұйымдастырылып, оған 800 мыңға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде, 10 мың гектардай аумақ тазартылды. 17 мың тонна қоқыс шығарылып, 103 мың дана көшет егілген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.