Қазақстандық жас таланттар Қытайдың үш қаласында өнер көрсетті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Домбыра үні Гуанчжоу мен Бейжіңді тербетті. Қазақстандық жас өнерпаздар Қытайдың үш қаласын аралап, өнерлерін көрсетіп қайтты. Ұлттық аспапта күй шертіп қоймай, жергілікті оқушыларға «Қара жорға» биін үйреткен.
ДИЛЯРА ЕРБОЛАТ, ТІЛШІ:
«Қыдырәлі – Қарақат» мектеп-студиясының тәрбиеленушілері Қытайдың үш қаласында өнер көрсетіп, қазақтың ұлттық мәдениетін таныстырды.
Олар Шэньчжэнь, Гуанчжоу және Бейжің қаласында гастрольдік сапарда болды. Домбырамен күмбірлете күй ойнады. Қазақ халқының ұлттық өнерін көрерменге таныстырылды. Фестивальге Ұлыбритания, Шотландия, Таиланд, Ресей, АҚШ, Гонконг және Қазақстан өкілі қатысты. Бағдарлама жас өнерпаздарға шығармашылық тәжірибе алмасып, жаңа достар табуға мүмкіндік берді.
Халықаралық сапар жаңа таныстықпен қатар, кәсіби ынтымақтастыққа да жол ашты. Қытай тарапымен достық қарым-қатынас орнату жөнінде келісім жасалып, болашақтағы мәдени жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

АЙНҰР ЖАНАТҚЫЗЫ, ҰСТАЗ:
— Ерекше сәт! Гуанчжоу қаласындағы мектепке барған кезде, сол мектептің балалары біздің балаларға ұлттық билерін үйретті, ал біздің балалар оларға «Қара жорға» биін үйретті.

Қытайға жасалған сапар жас өнерпаздардың шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, қазақтың ұлттық өнерін халықаралық деңгейде танытуға үлес қосты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал