Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ҚАНДЫ ҚЫЛМЫС
Баласы ата-анасын өлтіргені рас па? Теміртауды дүр сілкіндірген жұмбақ істің беті ашылды. Үй ішінен ерлі-зайыптының денесі табылып, 20 жастағы ұлы қамалды. Бұл сұмдыққа не түрткі болды?
БИЛІКӨЛДІ ҚҰРТҚАН КІМ?
Аралдың тағдырын қайталай ма? Билікөл сусыз қалып, балықтар жаппай қырыла бастады. Жүз метрге шегінген көл жағасы мен батпаққа батып өлген мал жергілікті жұрттың үрейін ұшырды.
КҮМӘНДІ АС
Жол шетінен сатып алынған балық бір отбасының түбіне жетті. Ақтауда астан ұшынғандарға қатысты жаңа мәлімет шықты. Полиция қылмыстық іс қозғады. Үш адам әлі ауруханада жатыр.
QR-КОДПЕН ТЕКСЕРІЛЕДІ
Бензин сапасыз. Алматы, Қызылорда және Жетісу облысында талапқа сай келмейтін отын түрі анықталды. Премьер-министр кінәлілерден өтемақы талап етуге болатынын ескертті.
РЕЙД АЯҚТАЛДЫ
Астанаға жыл басынан бері 450 мыңнан астам шетелдік келген. Ресми тіркелгені 64 мыңы ғана. Қалғандары қайда жүр? Көші-қон қызметі құрылыс алаңдары мен мейрамханаларды тексерді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.