Қазақстанда доңыз тұмауын жұқтырудың бес дерегі тіркелді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда доңыз тұмауын жұқтырудың алғашқы бес дерегі тіркелді. Оның үшеуі – Астана қаласында, екеуі Маңғыстау облысында анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мамандар 800-ден астам зертханалық үлгіні тексеріп, оның бесеуінен вирусты анықтаған. Мамандардың айтуынша, тұмаудың таралуы – жыл сайын қайталанатын маусымдық құбылыс. Сондықтан тұрғындарға алдын ала вакцина салдыру ұсынылады.
Қазір елде жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны азайған. Соңғы аптада 127 мың жағдай тіркелді. Алдыңғы аптада бұл көрсеткіш 140 мыңға жуық болған. Қыркүйектің басынан бері елде 760 мың адам жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Ал тұмауға қарсы екпе алғандар саны 240 мыңнан асты. Мамандар қазан айы вакцина салдыруға қолайлы кезең екенін еске салады. Өйткені екпеден кейін иммунитет шамамен екі аптада қалыптасады. Тегін вакцинация үшін ел бойынша «Гриппол Плюс» препаратының 2 миллион 100 мың дозасы сатып алынған.
ТЕМІРЛАН СЕЙІТБЕК, САНЭПИДБАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Жалпы тұмаудың негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі және де жөтел, қалтырау, сонымен қоса әлсіздік. Тамақ ауруы мен мұрыннан су ағу. Адамнан адамға, әсіресе ұйымдасқан ұжымдарда, сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарда жылдам тарауы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал