Қайрат Нұртастың концертінде тапталып қалған қыздың жағдайы ауыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Концерт көремін» деп төсекке таңылды. Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде дүрбелең туды. Мыңдаған адам стадионға кіруге ұмтылып, кіреберісте кептеліс болған. Ал билет сатып алған біраз көрермен тиісті орнына отыра алмады. Өйткені іштегі орыннан да көп адамға билет сатылған. Осының салдарынан келушілердің бірі аяққа тапталып ауруханаға жатқызылды.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Қазір мен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда тұрмын. Сенбі күні Қайрат Нұртастың концерті осы жерде өткен еді. Мен де билеті бола тұра концертке кіре алмай, қақпа сыртында күткендердің арасында болдым. Билет тексеріп кіргізген ешкім болмады, сол себепті сыртта тұрғандар ішке кіретін кезде дүрбелең туындап, бір қыз көпшіліктің астында қалды.

ЕРКЕБҰЛАН ЕРЕЖЕПОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл адамдардың шамадан тыс жиналуына әкеліп, көрерменнің қауіпсіздігіне қатер төндірген. Концерт ұйымдастырушысы 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Адамдардың қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Әпкесінің айтуынша, бойжеткен құлаған кезде оның жеке заттары да қолды болып кеткен. Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілерде адамдардың қаза болғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Ал жалған ақпарат таратқан азамат анықталып, айыппұл салынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал