Алматыда 61 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда 61 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Тергеушілер олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Кадрлардан ер адамды белгісіз біреулер тұрғын үйдің кіреберісінен көтеріп алып шыққанын көруге болады. Көршілердің айтуынша, марқұм жалғыз тұрған. Кейін оның пәтері сатылғаны туралы ақпарат тарады. Қазір төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚУАТБЕК НАУАТОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің кім екені және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталған. Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал