Түркияда туристік автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Түркияда апатқа ұшыраған туристік автобустың ішінде Қазақстан азаматтары болған жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Апат Гебзе – Орхангази – Измир тасжолында болған. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Бурсадан Измирге қарай бет алған, Памуккале бағытына жол тартқан автобус эвакуатормен соқтығысқан. Кей дереккөздер эвакуатордың қарсы жолаққа шығып кеткенін хабарлады. Автобуста 34 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. 11 адам қаза тапты. Тағы 27 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, 18-інің жағдайы орташа, ал сегіз адамның жағдайы жақсы. Автобус жүргізушісі ауруханадан шыққан соң ұсталды. Апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал