Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуежайларды атқылап, елдің азаматтық инфрақұрылымына қауіп төндіруде. Араб басылымдарының хабарлауынша, соңғы шабуылдардың бірі Халид Королі әуежайына жасалған. Соның салдарынан, мыңдаған шетелдік жолаушы жолда қалып, діттеген жеріне жете алмай отыр. Олардың арасында Меккеге қажылыққа барғандар да бар. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында әзірге, қазақстандықтар жоқ. Хуситтер соңғы күндері Сауд Арабиясындағы бес әуежайға соққы жасаған. Корольдік билігі халықаралық қауымдастықты шабуылдарды тоқтату үшін шұғыл шара қабылдауға шақырды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.