Ормуз бұғазында мұнай тиеген танкер жарылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ормуз бұғазында 750 мың баррел мұнай тиеген танкер жарылды. Желіде тараған мына кадрларда коммерциялық кеменің отқа оранғанын көруге болады. Алып кеме минаны басып кеткен. Оманның әскери-әуе күштері экипаждың 10 мүшесін құтқарып, оларды тік ұшқапен, Хасаб қаласындағы ауруханаға жеткізді. Бортта барлығы 19 адам болған. Оның 17-сі – Үндістан азаматы. Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметінше, кеме билік мақұлдамаған бағытпен жүріп, ескертулерді елемеген.
Айта кетейік, 10 қазанда бұғазда тағы екі кеме минаға соғылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал