«Яндекс» неге істемей қалды? Министрлік түсініктеме берді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Яндекс» сервисіндегі іркіліске байланысты мәлімдеме жасады. Ресейде орналасқан дата-орталықтарға жасалған шабуыл салдарынан Қазақстан аумағында да кілтипан туындаған. Ведомство дерегінше, компанияның қазақстандық қолданушылардың дербес мәліметтері сақталған серверлері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дегенмен платформаның барлық тетігі қолжетімсіз. Мысалы, такси мен жеткізуді басқару функциялары Қазақстаннан тыс жерде орналасқан. Қазір «Яндекс» ақауды қалпына келтіріп жатыр.
ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметі:
«Қолданушылар үшін сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі аса маңызды. Осыған байланысты Қазақстан аумағында мәліметтерді тарату және цифрлық платформалардың тұрақты жұмыс істеуі – қалтқысыз міндет. Ал бұл – кешенді шешімді қажет ететін шаруа».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал