Қ. Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын елорда әуежайында қарсы алды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда Патшайым елімізге- мемлекеттік сапармен келді.
Корольдік жұп мінген ұшақты Қазақстан шекарасынан бастап елорданың әуежайына дейін, Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары сүйемелдеді. Қазақстан Президенті жоғары мәртебелі қонақтарды елорданың әуежайында қарсы алды. Салтанатты қарсы алу рәсімі аясында әуежайдың ұшып-қону жолағына құрмет қарауылының ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, «Қазақстан – Бельгия» Іскерлік кеңесінің төртінші отырысы және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумы өтеді деп жоспарланған. Сапар қорытындысы бойынша, Бірлескен мәлімдеме қабылданып, екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, САРАПШЫ:
— Қазақстан Бельгия үшін Орталық Азиядағы ресурсқа ие, тұрақты саяси-экономикалық қарым-қатынасы бар, инвестициялық климаты жақсы мемлекет ретінде қарастырылады. Жалпы, осы екі елдің жоғары мәртебелі басшыларының кездесуі алдағы уақытта Қазақстанның еуропалық нарыққа шығу мүмкіндігін арттырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал