Қазақстанда доңыз тұмауы тарап жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда доңыз тұмауын жұқтырудың алғашқы бес дерегі тіркелді. Оның үшеуі – Астана қаласында, екеуі Маңғыстау облысында анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мамандар 800 ден астам зертханалық үлгіні тексеріп шыққан.
Тұмаудың таралуы – жыл сайын қайталанатын маусымдық құбылыс. Сондықтан тұрғындарға алдын ала вакцина салдыруға кеңес берілді. Жалпы, елде жіті респираторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар азайған. Соңғы аптада 127 мың жағдай тіркелді. Алдыңғы аптада бұл жағдай,140 мыңға жуық болған. Мамандар қазан айы екпе салдыруға қолайлы кезең екенін айтады. Ал тегін вакцинация үшін ел бойынша «Гриппол Плюс» препаратының 2 миллион 100 мың дозасы сатып алынған.
ТЕМІРЛАН СЕЙІТБЕК, САНЭПИДБАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ
— Тұмаудың негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі және де жөтел, қалтырау, сонымен қоса әлсіздік. Тамақ ауруы және мұрыннан су ағу. Адамнан адамға, әсіресе ұйымдасқан ұжымдарда, сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарда жылдам тарауы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал