Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жарақат алған сарбаздарға арналған қаржылай көмек толық үлестірілді. Бұл туралы өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, «Ұлттық рух» қорына түскен қаражат арнайы комиссияның шешімімен бөлінген. Қаражатты үлестіру процесі қатаң бақылауда болып, барлық рәсім заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді. Комиссия өз жұмысын аяқтады.
БЕКМҰРАТ ЖҮСІПОВ, ҚХК МҮШЕСІ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
— Бұл жұмысқа қазақ тапқан сарбаздардың ата-аналары да қатысты. Комиссия қаражаттың қор шотына түсуінен бастап аударуға дейінгі барлық кезеңде қатаң бақылады. Сонымен бірге әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының өтінішін ескере отырып, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен жеке мәліметтерінің құпиялылығын сақтау мақсатында төлемдердің нақты соммасы мен қаражат алушылардың дербес деректері жария етілмейді.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Президент 25 қыркүйек – Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаза болған сарбаздардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге қажет көмек ұйымдастырылды. Ірі кәсіпорындардан, кәсіпкерлер мен меценаттардан қаражат жинау үшін арнайы «Ұлттық рух» қоры белгіленді. Жиналған қаражатты бөлу жұмысымен мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінен құралған комиссия айналысты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.