Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Тыныштықты күзетеді, үрмейді, адамды да қаппайды. Бірақ дауыс зорайтқышы бар. Қостанай полицейлеріне робот-ит көмектеседі. Қоғамдық тәртіпті бақылау екі құлтемірге тапсырылды. Роботтарға бейнебақылау камералары орнатылған. Енді электронды көмекшілер күні-түні кірпік қақпай қызмет етеді. Өйткені қарғыбау және тұмылдырықсыз патрульдер жарық шамы және прожектормен жабдықталған. Роботтар адам көп жиналатын орындарда, полиция қызметкеріне қауіп төнуі мүмкін жерлерде пайдаланылады.
ҚУАНДЫҚ ОРДАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЦБ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:
— Бейнесараптаманың арқасында анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат нақты уақыт режимінде Жедел басқару орталығына жіберіледі. Бұл полиция қызметкерлеріне болып жатқан оқиғаларға жедел әрекет етуге және қажетті күштер мен құралдарды дер кезінде бағыттауға мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.