Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ
Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Көршілердің айтуынша, марқұм жалғыз тұрған. Кейін оның пәтері сатылғаны туралы ақпарат тарады. Тергеушілер олардың марқұмның баспанасын заңсыз иемденуге қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
ДОҢЫЗ ТҰМАУЫ
Абайлаңыз, доңыз тұмауы тарап жатыр. Мамандар вирус жұқтырудың алғашқы бес жағдайдын тіркеді. Оның үшеуі Астана қаласында, екеуі Маңғыстау облысында анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол үшін 800-ден астам зертханалық үлгі тексерілді.
ЖАҢА ӨНЕРТАБЫС
Енді таза ет пен жасанды өнімді ажыратуға болады. Отандық ғалымдар шұжықтың шынайылығын анықтайтын тест ойлап тапты. Жаңа өнертабыс қаншалықты тиімді және ол сынқтан сәтті өтті ме? Тілшілеріміз мамандардан сұхбат алды.
МИНИСТРЛІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Яндекс» сервисіндегі іркіліске байланысты мәлімдеме жасады. Ведомство дерегінше, қазақстандық қолданушылардың дербес мәліметтері сақталған серверлер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дегенмен платформаның барлық тетігі қолжетімсіз.
КІРПІК ҚАҚПАЙДЫ
Тыныштықты күзетеді, үрмейді, адамды да қаппайды. Бірақ дауыс зорайтқышы бар. Қостанай полицейлеріне робот-ит көмектеседі. Қоғамдық тәртіпті бақылау екі құлтемірге тапсырылды. Роботтарға бейнебақылау камералары орнатылған. Енді электронды көмекшілер кірпік қақпай қызмет етеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.