Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еліміздің солтүстігінде жаға ұстатарлық жағдай. Облыс орталығында макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға түнгі ауысым кезінде болған.
САМАТ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, ТІЛШІ:
— Қайғылы оқиға 30 жылдан астам тарихы бар Петропавлдағы макарон фабрикасында болды. Азамат қамыр илейтін қондырғыны тоқтатып, оны тазалауға кіріскен. Сол сәтте құрылғы өздігінен қосылып, оны тартып әкеткен кеткен деген болжам жасалып отыр. Салдарынан 35 жастағы ер адам ауыр жарақат алған. Төтенше жағдайдан кейін әріптестері бірден жедел жәрдем шақыртады. Алайда медицина мамандары жеткенше, ол жан тапсырған. Айта кетейік, мерт болған азамат аталған кәсіпорында 13 жыл еңбек еткен. Қазір полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал өндіріс орнында қауіпсіздік талаптары қаншалықты сақталды? Мұны еңбек инспекциясының өкілдері анықтайды.
АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші және жұмысшылар кіреді. Тергеу барысында фабрикада қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама берілді ме, жоқ па еңбек заңнамасы қаншалықты сақталуда? Осының бәрін анықтаймыз.
САМАТ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, ТІЛШІ:
— Сараптама қорытындысы шамамен бір айдан кейін дайын болады. Жалпы, жыл басынан бері еліміздің солтүстігінде өндіріс орындарында 24 жазатайым оқиға болды. Салдарынан 2 адам ажал құшты.
Макарон фабрикасында болған қайғылы оқиға барысын мен бақылауда ұстаймын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.