Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбеде 35 жастағы әйелді пышақтап өлтірді. Оқиға кеше түнде сағат он жарым шамасында көпқабатты үйдің ауласында болған. Бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлардан ер адамның әйелге пышақпен тап бергенін көруге болады. Ол әйелге ауыр жарақат салған. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол – Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны. Полицияның мәліметінше, марқұм мен күдікті бір-бірін бұрыннан таныған. Екеуінің арасында не себепті жанжал шыққаны әзірге белгісіз.
СЕРІК ШАЛҚАРОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.