Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтар сақтық шараларына бейжай қарамауы керек. Елдегі қауіпсіздік жағдайының ушығуына байланысты Сыртқы істер министрлігі отандастарымызға үндеу жолдады. Ведомство жергілікті биліктің нұсқауын қатаң сақтауға кеңес береді. Төтенше жағдайға тап болған азамттар дереу Қазақстанның Эр-Риядтағы елшілігіне немесе Жидда қаласындағы Бас консулдығына хабарласуы қажет. Нөмірі экранда көрсетілген.
ЖАНБОЛАТ ҮСЕНОВ, СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандық азаматтарға, сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды, нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды, адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды, шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.