Қ. Тоқаев пен Бельгияның корольдік жұбы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды.
Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты. Бұл орталықта психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, когнитивті дамуында және мінез-құлқында бұзылыстары бар, соның ішінде церебралды сал аурына душар болған және аутистік спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек ұсынады. Жыл сайын Қазақстанның барлық аймағынан 5 мыңнан астам пациентке оңалту қызметі көрсетіледі. Король Филипп пен Патшайым Матильда балалар, олардың ата-аналары және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты. Мұнан соң меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал