Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Павлодар аспанында солтүстік шұғыласы жарқырады. Ерекше құбылысты азаматтық авиация ұшқышы Темірлан Алшын рейс кезінде байқап, кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Ұшқыштың айтуынша, ол солтүстік шұғыласын Павлодардан Новосібір бағытына қарай ұшып бара жатқанда алғаш рет көрген. Әсерлі сәтті таспаға түсірген азамат бұл көріністі көптен бергі арманының орындалуы деп бағалаған.
Жарияланған кадрларда түнгі көкжиектің түрлі түске боялғанын көруге болады. Сирек құбылыс желі қолданушыларының назарын аударып, қазақстандықтар да өздері түсірген суреттерімен бөлісе бастады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.