Ақтөбеде алданған туристердің ісіне қатысты сот процесі басталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақтөбеде алданған туристердің ісіне қатысты сот процесі басталды. Туристік компанияның директоры мен қызметкері 49 адамнан жалпы 21 миллион теңге иемденді деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, бұл қаражат Дубай мен Түркияға жолдама сатып алуға арналған. Алайда туристердің ешқайсысы жоспарлаған демалысына бара алмаған. Сотта турфирма қызметкерінің адвокаты істі прокуратураға қайта тергеуге жіберуді сұрағанымен, бұл өтініш қанағаттандырылмады. Алдын ала сот отырысына жәбірленушілердің ешқайсысы қатыспаған. Қазір жұмысын тоқтатқан туристік компанияның директоры үйқамақта отыр. Оның айтуынша, жағдайға серверлердегі техникалық ақау мен туристер баруы тиіс елдегі геосаяси жағдай себеп болған.

ЕРКЕБҰЛАН АЙМҰРАТОВ, ТУРАГЕНТТІК ДИРЕКТОРЫ:
— Кассаға түскен ақшалардың барлығы билетке және букингке кеткен. Барлығы қандай шығындар жасау керек, соған кеткен. Бұл жерде осыншама ақшаны шоттан алып иемденді дегенді дәлелдей алмады. Бірақ қылмыстық іс тоқтаған жоқ. Мамыр күні серверіміз жұмыс істемей қалды. Кейбір адамдарды турға жібере алмай қалдық, бірақ бірден WhatsApp-та группа ашып, адамдардың қаражатын кері қайтарып жаттық, сол сәтте 17 млн тг қайтаратын ақшамыз болды. Соның 11 млн теңгесін жапқаннан кейін, 6 млн тг қалғанда, мені уақытша ұстау изоляторына жауып тастады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал