inDrive жүргізушілері жол жүру ақысын үш есеге жуық көтеріп жіберген

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Yandex Go сервисінің жұмысында ақау туындап, уақытша қолжетімсіз болғаннан кейін, пайдаланушылар такси шақыруға арналған балама платформаларға жаппай ауыса бастады. Солардың бірі – inDrive. Бұл жағдайды пайдаланған платформадағы такси жүргізушілері жол жүру ақысын үш есеге жуық көтеріп жіберген. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне ескерту жасады. Агенттік өкілдері такси агрегаторлары нарығында бәсекелестік деңгейі төмен, нарықтың басым бөлігі аздаған ойыншының қолында екенін атап өтті. Халықаралық тәжірибеде төтенше жағдайлар мен өзге де күтпеген оқиғалар кезінде тарифтердің күрт өсуіне жол бермейтін тетіктер қолданылады.
ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ:
«Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабының 1-тармағына сәйкес, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу туралы жазбаша ескерту жолдады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал