Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Сауд Арабиясындағы Король Халид атындағы әуежайда рейстер жаппай тоқтатылып жатыр. Жидда қаласындағы әуежайда ұшақтар кешігуде. Әуе тасымалдаушылары да шектеуді күшейткен.
Бірқатар компания Эр-Риядқа рейстерін қазанның 18-і мен 24-іне дейін тоқтатты. Олардың қатарында Германия, Үндістан, Франция және Ұлыбританияның бірқатар әуе тасымалдаушысы бар. Кейбірі келер жылдың басына дейінгі рейстерінен де бас тартқан.
Әзірге Сауд Арабиясының әуе кеңістігі толық жабылған жоқ. Жолаушылар сапарын балама бағыттар арқылы жалғастыра алады. Еске сала кетейік, Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға хуситтер бірнеше рет шабуыл жасады.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.