Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға қомақты қаражат бөлініп жатыр. Айталық, мемлекеттік қордан жалпы құны — 618 млрд теңге болатын 501жобаға ақша берілген. Оның 351-і аяқталды. Ал Инфрақұрылымды дамыту қоры арқылы жалпы құны 1 трлн 500 млрд теңгеге 262 жобаны жүзеге асыру көзделген. Негізгі бағыттардың қатарында сумен жабдықтау, денсаулық сақтау және көлік құралдары бар. Сумен жабдықтау бойынша 55 жобаға – 283 млрд 400 млн теңге, денсаулық сақтау саласына қатысты 41 жобаға – 344 млрд теңге, ал көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 48 жобаға 369 млрд 200 млн теңге қарастырылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.