ШҚО-да ауруханаларға 180-нен астам заманауи медициналық техника орнатылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шығыс Қазақстан облысындағы қалалық және аудандық ауруханаларға 180-нен астам заманауи медициналық техника орнатылды. Алтай қаласында заманауи томография орталығы ашылды. Ол шалғай орналасқан үш аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұған дейін күрделі диагностикалық тексерулерден өту үшін жергілікті тұрғындарға жүздеген шақырым жердегі Өскеменге баруға тура келетін. Науқастар қауіпті тау жолдарымен тасымалданды. Енді қажет тексерулердің толық кешенін ауданда өтуге мүмкіндік бар. Соңғы үш жылда өңірдегі медициналық мекемелерді қайта жабдықтауға бюджеттен үш млрд-тан астам теңге бөлінді.
АЙНАШ ҚАПАНОВА, ДСБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі уақытта 11 ауданға заманауи рентген аппараттары, маммографиялық кешендер, УДЗ аппараттары, МРТ, наркозға арналған жабдықтар, сондай-ақ электрокардиографтар мен пациенттерге арналған мониторлар жеткізілді. Диагностикалық жабдықтар мен операциялық блоктарды жарақтандыруға ерекше көңіл бөлінді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал