Мәслихаттарды жаңарту саяси өзгерістердің жаңа кезеңі болмақ

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясына жергілікті өкілді органдар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, әзірлеу және өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Сарапшылардың пікірінше, мәслихаттарды жаңарту елдің саяси жүйесіндегі өзгерістердің келесі кезеңі болмақ.
АЛМАТ НҮКЕНОВ, ҚҚДИ САРАПШЫСЫ:
— Меніңше бұл сайлаудың маңызы – тек депутаттардың ауысуында емес. Жаңа Конституция қабылданды, Құрылтай жасақталды. Енді жергілікті өкілді билік те жаңарады. Бұл – саяси реформалардың жергілікті деңгейдегі логикалық жалғасы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал