Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Әділет» партиясы үш өңірде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолдау көрсетті. Акция аясында тұрғындарға тіс емдеу және шаш қию қызметтері тегін ұсынылып, психологтар мен заңгерлер кеңес берді. Сондай-ақ көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері жеткізілді.
Ал қоғамдық қабылдауға келген 50-ден астам тұрғын баспана алу, жәрдемақы тағайындау, жұмысқа орналасу және медициналық көмекке қол жеткізу мәселелерін көтерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалардың мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға нақты көмек көрсету және олардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу. Сонымен қатар осындай акциялар қоғамда өзара қолдау мәдениетін қалыптастырып, әр адамның мүмкіндігін ескеруге жол ашады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.