Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

V Азия Пара ойындарына санаулы күн қалды. Жақында ғана жазғы Азиада ойындары өткен Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласы енді параспортшыларды қабылдайды. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 150 спортшы қорғайды. Дүбірлі дода алдында елордада ұлттық құраманы салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Біздің құрама Айчи төрінде спорттың 12 түрінен бақ сынайды.
Жалпы, бұл сында Азияның 45 елінен келген 4 мыңға жуық атлет өзара мықтыны анықтап, 18 спорт түрінен 502 медаль жиынтығын сарапқа салады. Сонымен қатар Қазақстанның Азия Пара ойындарына қатысу тарихында тұңғыш рет отандық спортшылар арбадағы теннистен бақ сынайды.
Салтанатты шарада Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков пен парадзюдошы Аяла Мерекеге Қазақстанның Мемлекеттік туы табысталды. Олар ойындардың ашылу салтанатында көк байрағымызды желбіретіп алып шығады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал