Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ӘЙЕЛДІ ПЫШАҚТАДЫ
Ақтөбеде әйел адамды пышақтап, өлтіріп кетті. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Марқұм мен күдікті бір-бірін бұрыннан таныған. Екеуінің арасында не себепті жанжал шыққаны әзірге белгісіз. Тергеу анықтайды.
ЖАЛҒАН САУДА
Ал Қарағандыда екі алаяқ әйелге қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Олар Қытайдан арзан тауарды әп-сәтте әкеліп береміз, деп 460 адамды сан соқтырған. Сауда жасауға дәмеленген тұрғындар енді не ақша, не заты жоқ байбалам салып жатыр.
ТЕГІН ҚЫЗМЕТ
Аяқ асты ғайып болып, жұмбақ жағдайға жоғалған адамдарды іздеуге көмектесетін топ. Елімізде жақынынан көз жазып қалғандарға қол ұшын созатын еріктілер қалай күн көреді? Бұл жақсылығы үшін ешкімнен ақша сұрамайтын азаматтармен тілшілеріміз кездесті.
ТАКСИГЕ ЕСКЕРТУ
Кешелі бері елде Индрайвер платформасына қосылған такси жүргізушілерінің жолы болып тұр. Олар дүрмекті пайдаланып, тасымал бағасын көтеріп жіберген. Осыған байланысты, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі шектен аспауға кеңес берді.
ҮКІЛІ ҮМІТ
Апта соңында бесінші Азия Пара ойындары басталады. Байрақты бәсекеде ел намысын 150 параспортшы қорғайды. Олардың арасында арбадағы теннистен алғаш рет бақ сынайтын саңлақтарымыз бар. Біздің құрама Айчи төрінде спорттың 12 түрінен сынға түседі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.