Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы ішек инфекциясымен ауруханаға түсті. Қазір мектеп, интернат және асхананың жұмысы уақытша тоқтатылып, тексеріс жүргізіліп жатыр. Аурухана басшылығы балалардың жағдайы тұрақты екенін және барлық қажет ем көрсетіліп жатқанын хабарлады. Бүгінде интернатта тағы 6 тәрбиеленуші оқшауланып, мамандардың бақылауына алынды.
ЕРЖАН СЕРАЛИН, АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ:
— Балаларға қажет шұғыл медициналық емдер жасалды, қазіргі таңда барлық баланың жағдайы тұрақты. Керек емнің бәрі жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.