Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Пензадағы газ құбырында жарылыс болып, 70 метрге дейін өрт шыққанымен, бұл жағдай Қазақстанға ықпал еткен жоқ. Энергетика министрлігі Ресейден бізге келетін де, біз арқылы Өзбекстанға транзитпен өтетін де газ тасымалы толығымен қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Оқиғадан ішкі тұтынушылар зардап шекпейді.
ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ:
«Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жұмысында ауытқу тіркелген жоқ. Аталған оқиға Қазақстан тұтынушыларын газбен қамтамасыз етуге әсер етпейді. «Газпромнан» диспетчерлік арналар арқылы газ жеткізу режимін өзгерту туралы сұраныс түскен жоқ».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.