Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте жылқыны көлікке байлап, жол бойымен сүйреген жүргізуші жұрттың ашуын туғызды. Видео әлеуметтік желіде тарады.
Қаланың көлік көп жүретін жолында жануарды осылай жетектеген жүргізушінің кім екені анықталды. Полиция бұл әрекетке қатысты тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Енді ол жануарға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша заң алдында жауап береді.
Мұндай әрекет үшін 150 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 150 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.