Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елімізде жол салу және оның сапасын тексеру жүйесі қайта қаралады. Ол үшін Үкімет арнайы жұмыс тобын құрды. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті өкімге қол қойды.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Иә, расында да, жол құрылыс сапасын бағалау тәртібі енді қайта қаралады. Бұл саланы реформалар күтіп тұр десе болады. Үкіметтік жұмыс тобы құрылды.
Бұл шара Қазақстан Халық кеңесінің алғашқы сессиясынан кейін Президенттің тікелей тапсырмасымен қолға алынып отыр. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жетекшілік етеді. Құрамына жеті министрліктің өкілі, көлік прокуратурасы, «ҚазАвтоЖол» мен «ҚазМұнайГаз» басшылығы және сала мамандары кірген. Жұмысқа Құрылтай депутаттары да қатысады. Олар 1 желтоқсанға дейін нақты ұсыныстар әзірлеп, Үкіметке беруі керек.
Айта кетейік, мұндай өзгерістер жол құрылысының көлемі ұлғайып жатқан кезде қолға алынды. Мәселен, биыл республикалық маңызы бар 3 400 шақырым жолды салу және қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 55 пайызға көп. Бұдан бөлек, 300 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді. Тағы 5 мың шақырымнан астам жолға орташа жөндеу жүргізіледі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл республикалық маңызы бар жолдарды салу және қайта жаңарту бойынша 14 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ал енді жаңа ережелер осы саладағы бақылауды күшейтіп, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына қаншалықты ықпал етеді? Оны, әрине, уақыт көрсетеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.