2029 жылы бюджет тапшылығын 4 есе қысқарту көзделіп отыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Құрылтайдың кезекті отырысына тоқталайық. Дәл қазір жиын бойынша брифинг өтіп жатыр. Бүгін депутаттар үш жылдық республикалық бюджет жобасын қарады. Мұндағы басты мәселе – бюджет тапшылығын азайту. Сонымен Үкімет мүшелері қандай жол ұсынып отыр?
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— 2029 жылы бюджет тапшылығын 1 трлн теңгеге дейін, яғни төрт еседен астам қысқарту көзделіп отыр. Бүгінгі 3 жылдық бюджетті жоспарлау жөніндегі Құрылтайдың жалпы отырысында осындай мәліметтер айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов атағандай, Үкімет республикалық бюджет тапшылығын азайту үшін кірістерді арттырып, шығыстарды оңтайландыруды жоспарлап отыр. Премьер-министрдің мәліметінше, үш жылдық республикалық бюджет жобасында кірістерді 2027 жылғы 19,9 трлн теңгеден 2029 жылы 23,4 трлн теңгеге дейін арттыру көзделген. Осылайша, бюджет кірісі 3,5 трлн теңгеге ұлғаюы мүмкін. Құрылтайда Олжас Бектенов мемлекеттік шығыстарды қысқартудың тағы бір бағыты ретінде әлеуметтік қолдау жүйесін реформалауды атады

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Көпбалалы отбасының жағдайы жақсы ма, әлде тұрмысы төмен бе, мемлекеттен бірдей қолдау алады. Біздің ойымызша, бұл – әділетсіз. Өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ауқатты азаматтар мемлекет көмегіне мұқтаж болмауы керек. Олар өз күшіне сүйеніп, күн көруі тиіс. Бұл тәсіл бюджет қаражатын едәуір үнемдеп, оны маңыздырақ мақсаттарға бағыттауға мүмкіндік береді. Мәселен, 2027 жылдың өзінде 700 миллиард теңге үнемделсе, алдағы үш жылда бұл сома 2,5 триллион теңгеге жуықтайды.

АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, жаңа жүйе қомақты бюджет қаражатын үнемдеп, оларды маңыздырақ мақсаттарға бағыттауға мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал