Бельгия королі пен патшайымының ресми сапары Алматыда жалғасады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елордада үш күн қонақ болған Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданың Қазақстандағы ресми сапары енді Алматыда жалғасады. Мәртебелі меймандарды Астана әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі шығарып салды. Астанадағы кездесулерде тараптар сауда-экономика, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді талқылаған болатын.
Енді королдік жұп Алматыдағы Ядролық физика институты мен өнер музейін аралап көреді деп жоспарланған, содан кейін бельгиялық меймандар өз елдеріне аттанады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал