Үкімет жол сапасын тексеру үшін арнайы жұмыс тобын құрды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елімізде жол салу және оның сапасын тексеру жүйесі қайта қаралады. Ол үшін Үкімет арнайы жұмыс тобын құрды. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті өкімге қол қойды.
Бұл шара Қазақстан Халық кеңесінің алғашқы сессиясынан кейін Президенттің тікелей тапсырмасымен қолға алынып отыр. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жетекшілік етеді. Құрамына жеті министрліктің өкілі, көлік прокуратурасы, «ҚазАвтоЖол» мен «ҚазМұнайГаз» басшылығы және сала мамандары кірген. Жұмысқа Құрылтай депутаттары да қатысады. Олар 1 желтоқсанға дейін нақты ұсыныстар әзірлеп, Үкіметке беруі керек.
Айта кетейік, биыл республикалық маңызы бар 4 мың шақырымға жуық жол салынады және қайта жаңартылады. Бұл былтырғыдан шамамен 55 пайызға көп.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ:
«Жұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелді. Саланы басқарудың жаңа тетігі, оның ішінде цифрлық шешімдерді де ескере отырып, жол инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал