Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Көкшетауда түнде көлігімен қауіпті трюк жасаған жүргізуші бір өлімнен қалды. Көлігі бордюрге соғылып, бірнеше рет аударылған, тіпті көпірден құлауға сәл-ақ қалған. Кейін, белгілі болғандай, 38 жастағы «каскадер» рульге, мас күйде отырған. Өзі аман-есен. Бірақ, ереже бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды. Сонымен қатар енді ол 7 жыл бойы көлік тізгіндей алмайды.
ӘСЕМ ӘБДРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АСБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Ер адам автокөлік салонынан өздігінен шыққан. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан ол ауыр жарақат алмаған. Жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.