ШҚО-да қар мен көктайғаққа дайындық басталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шығыс Қазақстан облысының жол қызметі тәуліктік кезекшілікке көшті. Синоптиктер таулы аймақтарда қар жауады деп болжап отыр. Демек, көктайғақтың күні де алыс емес. Сондықтан сақшылар жүргізушілерге қазірден көлікке қысқы дөңгелек салуға кеңес берді.
Жалпы, өңірдегі 10 мың шақырым жол желісіне қызмет көрсету үшін 800 арнайы техника жұмылдырылады. Ал Өскеменде жүзге жуық арнайы техника дайындалды.
НИЯЗ САДЫҚОВ, ЖОЛ КОМПАНИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Қазір қосымша техника сатып алынып жатыр. Соңғы үш жылда 57 бірлік жаңа мамандандырылған техника сатып алынды. Біздің филиалға тағы 30-ға жуық техника жеткізіледі деп күтілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал