Қазақстандықтардың дербес мәліметтері қаншалықты қорғалған?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ләззат Жылқыбаева қазақстандықтардың дербес мәліметтерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Бас прокурор Берік Асыловқа, премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке депутаттық сауал жолдады.
Ол еліміздің жаңа Конституциясында алғаш рет әр адамның жеке және отбасы құпиясының қорғалуына, сондай-ақ дербес дерегінің заңсыз жиналуы мен пайдаланылуынан қорғау құқығына заңмен кепілдік берілгенін, бұл – адамның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған маңызды конституциялық норма екенін еске салды. «Цифрлық дәуірде бұл кепілдіктің маңызы бұрынғыдан да арта түсті», — дейді депутат.
ЛӘЗЗАТ ЖЫЛҚЫБАЕВА, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПФ МҮШЕСІ:
— Жақында Қызылорда облысының Шиелі ауданында 7 білім беру ұйымы 529 қызметкердің дербес деректерін мемлекеттік сатып алу порталында ашық жариялаған. Ал Семей қаласында қызметкерлер мен қатар 344 кәмелетке толмаған балалардың деректері ашық қолжетімді болған. Бұл деректерді алу үшін ақпараттық жүйені бұзу қажет болмаған. Сонымен қатар әрқайсымыз мемлекттік қызмет алғанда, банкке жүгінгенде, емханаға тіркелгенде баламызды мектепке орналастырғанда өзіміз туралы мәліметтерді тапсырамыз. Бірақ одан кейін не болады?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал