Қапшағай су қоймасы мен Іле өзеніне 700 мың тұқы шабағы жіберілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қапшағай су қоймасы мен Іле өзеніне 700 мың тұқы шабағы жіберілді. Негізгі мақсат – су экожүйелерін сақтау және балық ресурсын молайту. Былтыр өңірдегі су айдындарына 3 млн-ға жуық шабақ жіберілсе, биыл оны 4 млн-ға жеткізу жоспарланған. «Өзенді балыққа толтыру» акциясы аяқталған соң, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері Көшпенділер қалашығының маңайы мен Іле өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.
Алматы облысында биыл 33 жалпы өңірлік сенбілік ұйымдастырылып, оған 800 мыңға жуық адам қатысты. Сөйтіп, 10 мың гектардай аумақ тазартылған. 17 мың тонна қоқыс шығарылып, 103 мың дана көшет егілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал