«Әділет» партиясының жастар қанаты «Таза Қазақстан» Road эстафетасын бастады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астана мен Өскемен бағытында үлкен тазалық марафоны басталды. 5 мыңға жуық жас азамат 1800 шақырымдық автожол бойын қоқыстан тазартады.
«Әділет» партиясының жастар қанаты ауқымды «Таза Qazaqstan» Road эстафетасын бастады. Жиналғандар төрт күн ішінде осы аумақты ретке келтірмек. Акция Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Осы уақытта белсенділер 10 аудан мен 59 ауылға табан тірейді. Ауқымды шараға Құрылтай депутаттары мен мемлекеттік орган өкілдері де атсалысуда.
Бұдан бөлек, жастар «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында тарихи-мәдени орындарды тазалап, «Чемпиондық рух» жобасымен спорттық іс-шаралар өткізеді.
ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Табиғатқа жанашырлық – халқымыздың қанына сіңген қасиет десем артық емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы жылдары жүргізіп жатқан жүйелі реформаларының нәтижесінде мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты. Президентіміз экономикалық, әлеуметтік, цифрлық дамудан бөлек, «Таза Қазақстан» сияқты бастамамаларына да үлкен көңіл бөліп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал