Астанада халықаралық Astana Media Week медиафорумы басталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада оныншы халықаралық Astana Media Week медиафорумы басталды. Бұл жолы ауқымды шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр. Үш күнге созылатын диалогтың басты тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі медиа трансформация. Қатысушылардың айтуынша, соңғы он жылда сала екі фактордың әсерінен түбегейлі өзгерді. Біріншіден, дәстүрлі БАҚ-тың орнын әлеуметтік желілер басса, екіншіден, мәтінмен жұмыс істейтін нейрожелі пайда болды. Бұрын медиа орта жылдап өзгерсе, бүгінде ол күн сайын құбылуда. Десе де сарапшылар жасанды интеллект адамды жүз пайыз алмастыра алмайтынын, оның еңбек нарығына ықпалы біртіндеп қана байқалатынын айтады.
ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Алдағы уақытқа қандай болжам бар? Бұл үдеріс әрі қарай жалғасын табады, болашақта нақты бөлініс болмайды. Яғни телеарна, интернет, газет – бәрі бір ауқымды цифрлық орта болады. Яғни телеарнаның өзінің стриминг жүргізетін интернет платформасы болады, интернет кеңістігінде ақпарат тарату көзі болады.
НЕЖАТ УНСАЛ, СМАРТ КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрған жоқпын. Бірақ Астана Media Week шарасына бірінші рет қатысып отырмын. Бүгінде озық технологиялар мен жасанды интеллект болашағымызды айқындап отыр. Ерте ме, кеш пе дамыған мемлекеттер де, дамушы елдер де бұл технологияларды қолданатыны анық. Бірақ бұл жердегі басты мәселе басқада: біз жасанды интеллектің әлемімізді толық билеп-төстеуіне жол бермеуіміз керек. Технология әрқашан адамның бақылауында болуға тиіс.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал